Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Алматыда ақша бопсалаған кәсіпкер мен екі блогер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Күдіктілер әлеуметтік желіде жәбірленушіге қатысты компроматтарды жариялаймыз деп қорқытып, 8 миллион теңге бопсалаған. Сонымен қатар олар жәбірленушіні сот шешімі бойынша төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгеден бас тартуға көндіруге тырысқан. Күдіктілер жәбірленушіден 10 миллион теңге алып жатқан кезде қолға түсті.
"Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.