ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанда теміржол көлігімен бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін шекарадан өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрығына сәйкес, ел аумағынан, сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше елдерге бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автокөлікпен тасымалдауға тыйым салынады.
Тыйымға келесі жағдайлар кірмейді:
• Майлау материалдарын шығаруға рұқсат етіледі.
• Көлік құралдарының зауыттық жанармай бактарындағы отынды экспорттауға шектеу қойылмайды.
• Ғылыми зерттеулер мен қоспаларды сынау мақсатында авиациялық отын шығаруға тек уәкілетті органдармен келісім бойынша рұқсат беріледі.
Сонымен қатар 2025 жылдың 1 ақпанынан 29 наурызына дейін табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жоюға арналған гуманитарлық көмектің аясында мұнай өнімдерін теміржол көлігімен тасымалдауға болады.
Бұл бұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді. Энергетика министрлігі бұл шараларды ел ішіндегі жанар-жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында енгізгенін хабарлады.