Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген. Техника ғылымдарының докторы әрі профессор.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған. Білім, ғылым саласында ұзақ жылдар басшылық қызметтерді атқарған. Бұған дейін, яғни 2022 жылы қарашадан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, 2023 жылы қыркүйектен бастап ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды.