ДЕНСАУЛЫҚ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мектептерде ішінде есірткі өнімдері бар кәмпит таралып жатқан көрінеді. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда ІІМ бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
“Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн. Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз”, - деп мәлімдеді полиция.