Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Алматыда бір жыл бұрын күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, көлігімен бірнеше рет таптап өлтірген экс-депутаттың ұлы 24 жылға бас ботсандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір сот жабық режимде өтіп жатыр. Алайда белгілі болғандай, прокурор айыпталушыға 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Оған екі бап бойынша айып тағылды:
— ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру;
— жеке өмірге қол сұғу (болжам бойынша, экс-депутаттың ұлы бірге тұрған әйелінің интимдік видеосын таратқан).
Ал қорғаушы тарап бұл істі жеңілдетілген бап — «Өлімге әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу» бойынша қарауды сұрап отыр.
Жәбірленуші тарап болса, оған ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етуде.
Қанды оқиғадан кейін тұрғын үй кешенінің тұрғындары айыпталушының 45 жаста екенін, ата-анасымен бірге тұрғанын және көршілерін үнемі қорқытып келгенін айтқан.