САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутатына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Субсидияны қалай заңсыз алған?
Күдікті мемлекеттен субсидия алу мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» сұрыпты таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар тапсырған. Жалпы сомасы 947 миллион теңге деп көрсетілген бұл құжаттардың негізінде ол 474 миллион теңге көлемінде заңсыз субсидия алған.
Кірістерді қалай "жылыстатқан"?
Заңсыз алынған қаржыны жасыру үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу және түсіру жұмыстарына арналған жалған келісімшарттар жасаған. Алайда бұл жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Осы схеманың көмегімен 431 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдіктінің қылмыстық кірісті пайдалану жолдары:
– Ұрланған қаражатты заңды айналымға енгізу үшін күдікті жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 миллион теңге табыс тапқан.
– Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және Toyota Highlander автокөлігін сатып алған.
– Мемлекеттен ұрланған 170 миллион теңгені Қонаев қаласындағы казиноға жұмсаған.
Тыйым салынған мүліктер:
– Алматы қаласындағы пәтер
– Toyota Highlander көлігі
– 50 миллион теңге қаражат
– 91 миллион теңгенің бағалы қағаздары
Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды.