БІЛІМ

ҚазҰУ-да “Медиазерттеудің келешек көкжиегі: орталық және өлкелік аспектілер” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚазҰУ

2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен профессор, ғалым Клара Қабылғазинаның 75 жас мерейтойына, еңбек жолының 55 жылдығына және ҚазҰУ қабырғасындағы 45 жылдық қызметіне арналған «Медиазерттеудің келешек көкжиегі: орталық және өлкелік аспектілер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Конференция мақсаты – профессор Қабылғазинаның медиазерттеудегі ғылыми мұрасын насихаттау, орталық және аймақтық медиазерттеу бағыттарын талқылау, сондай-ақ қазіргі журналистика мен медиа саласындағы зерттеу әдістерін жетілдіруге үлес қосу.

Фото: ҚазҰУ

Фото: ҚазҰУ

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген журналистер, ғалымдар, студенттер мен медиа саласының мамандары қатысты.

Шара барысында филол.ғ.к, профессор Бауыржан Жақып, ЕҰУ журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, диктор Сауық Жақанова және басқа да зиялы қауым өкілдері Клара Қабылғазина туралы жылы лебіздерін білдірді. 

ҚазҰУ

ҚазҰУ
Олар ұстаздың білім беру жүйесіндегі, радиожурналистиканы дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ конференция аясында Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай Клара Қабылғазинаға университеттің ең жоғары марапаттарының бірі – «Фараби» алтын медалін табыстады.

«Университеттің дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін марапатталып отыр», – деді декан өз құттықтауында.

ҚазҰУ

ҚазҰУ
Конференция аясында медиазерттеудің заманауи бағыттары, жас зерттеушілердің рөлі, әдіснамалық мәселелер мен тәжірибелік шешімдер талқыланды.

Қабылғазина Клара Жолдыбайқызы – қазақ журналистикасы мен білім беру саласында өзіндік орны бар ұстаз, бірнеше оқу құралдарының авторы, талай буын радиожурналистің қалыптасуына ықпал еткен көрнекті ғалым.

Мархаббат Ілияс,
ҚазҰУ  журналистика факультетінің оқытушысы