ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: видео скриншот
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы табиғи алқапта сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар қызғалдақтарды заңсыз терген Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазіргі уақытта аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы – сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктерді заңсыз жою бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, заң шеңберінде тиісті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.
Полиция табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау үшін рейдтер жүргізіп, әлеуметтік желіде жарияланған материалдарды бақылауда ұстап отыр. Алқаптарға ескерту тақтайшалары орнатылып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заң бойынша жауапкершілік бар екенін еске салады.