БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: massaget.kz/Ернар Алмабек
Елімізде соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін өткізуге қатысты шектеулер әлі де өз күшінде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинау, сынып ішінде дастархан жаю және ата-аналардан қаржы талап етуге тыйым салынған. Сонымен қатар, кафе мен мейрамханаларды жалға алу, автокөлік шеруін ұйымдастыру, ойын-сауық орындарында іс-шара өткізуге де жол берілмейді.
Министрлік "Соңғы қоңырау" рәсіміне әр оқушының тек бір ғана заңды өкілі қатыса алатынын ескертті.
2024-2025 оқу жылының соңғы қоңырауы 23 немесе 24 мамыр күні соғылады. Нақты күн мектептің шешімімен белгіленеді.