ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Ulysmedia.kz коллажы
2025 жылдың маусым айынан бастап еліміздегі республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздікке кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жүргізушілер ақаулы учаскелер үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл жөнінде Көлік министрлігі төлем алу тәртібіне енгізілетін жаңа өзгерістер жобасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, егер ақылы жолдың белгілі бір бөлігі жөндеуді қажет етсе немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, сол учаске толық қалпына келтірілгенге дейін ақы алынбайды.
Мысалы, ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы ақаулы деп танылса, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана төлейді.
Аталған норма жөндеу жұмыстары толық аяқталғанша күшінде болады және жүргізушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Жаңартылған қағида 2025 жылдың маусым айында ресми түрде күшіне енеді деп жоспарлануда.