Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ашық дереккөзден
Әскерде жүрген кезінде ауыр бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Массажист Ұлпан Советбекованың айтуынша, Ербаян сауықтыру шаралары н қолға алғанына 4,5 ай толған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Баяу болса да, тұрақты түрде алға ілгерілеуді байқап отырмын. Қазір ол арқасын тік ұстай алады, аяғында тұрады, мойнын бақылай алады, сол қол-аяғында айтарлықтай реакция бар, салмақ қосты. Сонымен қатар ауыз қуысымен толықтай жұмыс істей аламыз. Ал бұл – бастың ауыр операциясынан кейін небәрі 7,5 ай ішінде жеткен өте жақсы нәтиже”, — дейді ол.
Оның сөзінше, процесс баяу жүріп жатқанымен, үміт бар.
“Алда Ербаянды Ыстанбұлда емделудің екінші кезеңі күтіп тұр. Мен алғашқы күннен бастап сенемін: оның толық қалпына келуіне аз ғана уақыт қалды”, – дейді ол.
Ұлпан Советбекова көпшіліктен Ербаян үшін дұға етуді сұрады. Оның айтуынша, Ербаян бәрін сезіп, бәрін түсінеді.
“Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Рақмет сіздерге”, – деп жазбасын түйіндеді маман.