САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: t.me/mazhilis_kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта іс материалдарымен екі тарапт танысып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еске салайық, бұған дейін күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған еді.
Сот өкілдерінің мәліметінше, тергеу аяқталғаннан кейін іс алдымен прокуратураға жолданады, одан кейін сот қарауына өтпек. Қазіргі сәтте сот процесі әлі басталған жоқ.
Айта кетейік, оқиға биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында болды. Сол күні атыс салдарынан қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, шенеунікке шұғыл операция жасалып, қан кету тоқтатылған. Жарақаттың салдары жойылып, оның өміріне төнген қауіп сейілгені хабарланған.
Полиция күдіктіні сол күні қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған еді.