САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: «Азаттық»
Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы Оңтүстік округтік әскери сот 19 жастағы Қазақстан азаматы Тұран Устюговты “террористік ұйымға қатысу” және “террористік әрекетке дайындықтан өту” баптары бойынша айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы “Азаттық Азия” басылымына сотталушының анасы Эльмира Жанабаева мәлімдеген.
“Ол ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Бар болғаны — ниеті үшін жазаланды”, — дейді анасы.
Эльмира Жанабаеваның айтуынша, ұлы Украинаға қолдау білдіретін көзқарасын ашық айтудан тайынбаған. 2024 жылы 27 қыркүйекте, туған күніне екі апта қалғанда, ол үйінен кетіп қалған. Сол күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті баласының Қырғызстанмен шекараны кесіп өткенін хабарлаған. Алайда кейінгі бағыт-бағдары беймәлім болып қалған. Бес күннен соң Тұран Устюгов аннексияланған Қырым аумағында ұсталған.
Ресейлік тергеушілердің сөзінше, Устюгов Украина жағында соғысуға ниеттенген, сол үшін Қырым арқылы өтпек болған.
“Оның телефонынан Ресейде террористік ұйым деп танылған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелеріне — “Орыс еріктілер корпусы” мен “Азов” полкіне — толтырылған сауалнамалар табылды”, — дейді тергеу органдары.