БІЛІМ

Биыл мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қымбаттай ма? Саясат Нұрбек жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: amanatpartiasy.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.    

Министрдің айтуынша, мемлекеттік университеттерде оқу бағасы қымбаттамайды.

"Мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарының арасында мұндай жағдайлар болған. Мәселен, КИМЭП университеті оқу ақысын 15 пайызға көтергенін хабарлады. Алайда бұл олардың ішкі шешімі. Жекеменшік университеттерге біз тікелей араласа алмаймыз. Ал мемлекеттік университеттерде оқу ақысын тұрақты ұстап келеміз. Бұл — біздің екі жыл бұрын жариялаған саясатымыз", – деді Саясат Нұрбек. 

Сондай-ақ ол министрліктің білім беру гранттарының құнын кезең-кезеңімен арттырып жатқанын атап өтті.

Министрдің мәлімдеуінше, 2025 оқу жылында мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы көтерілмейді.