МӘДЕНИЕТ

Түркістан қаласының тарихи-мәдени келбетін насихаттауға бағытталған республикалық сурет байқауы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі / Самат Мырзалиев

Түркістан қаласының тарихи, мәдени және рухани келбетін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарды анықтау және қолдау мақсатында республикалық деңгейде сурет салу байқауы жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Байқау Түркістан өңірінің ұлттық болмысын дәріптеу, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына ақпараттық қолдау көрсету және халықты еңбексүйгіштікке баулу бағытында ұйымдастырылып отыр.

Конкурстың басты мақсаты – Түркістанның бай мәдени мұрасын, ұлттық нақышын және заманауи келбетін сурет өнері арқылы кеңінен насихаттау. Аталған шара жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, отансүйгіштік пен рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге негізделген.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен кәсіби суретшілер мен әуесқой қылқалам шеберлері қатыса алады. Қатысушылар ұсынған туындылар арнайы қазылар алқасы тарапынан бағаланады. Жеңімпаздарға төмендегідей жүлделер қарастырылған:

I орын – 1 000 000 теңге;

II орын – iPhone смартфоны;

III орын – бағалы сыйлықтар.

Аталған шығармашылық бастама өңірдің мәдени имиджін қалыптастырумен қатар, азаматтарды еңбексүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге және шығармашылық ізденіске ынталандыруды көздейді. Бұл – елдің рухани жаңғыруына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды жобалардың бірі.

Қатысуға ниет білдірген азаматтар 8 700 050 4030 нөміріне хабарласа алады.