Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Baq.kz/Нұркен Алишев
Маусым қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1,7%-ға әлсіреп, 1 доллар 519,73 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан қор биржасында (KASE) жүргізілген сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір ай ішінде аздап төмендеді — 238 млн доллардан 235 млн долларға дейін қысқарған. Жалпы айлық сауда көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұлттық банк валюта нарығындағы өзгерістерге тоқтала келе, теңге бағамының алдағы уақытта қалай құбылатыны бірқатар факторларға — тоқсандық салық төлемдері, жаһандық нарықтағы жағдай және геосаяси өзгерістерге байланысты болатынын атап өтті.
Сонымен қатар маусым айында республикалық бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 800 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған. Бұл көлем жалпы сауда-саттықтың шамамен 17%-ын құрап, күн сайын орта есеппен 40 млн доллар сатылғанын көрсетеді.