ҚОҒАМ

Жамбыл облысында туған қызын зорлаған ер адамға ең қатаң жаза тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын зорлаған ер адамның ісін қарап, оған қатаң жаза кесті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, қылмыс биыл 25 сәуірде Қордай ауылында болған. Ер адам масаң күйде өз үйінде 2019 жылы туған қызын дәрменсіз жағдайда пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған.

Істің мән-жайы айғақтармен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындады, алайда жәбірленуші тарап оны кешірмей, заң аясында ең қатаң жаза қолдануды сұраған.

Сот шешімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.