ҚОҒАМ

Ұлытау облысында көпбалалы аналарға 8 наурызға орай біржолғы төлем беріледі

Ұлытау облысында әлеуметтік саясатты іске асыру аясында көпбалалы аналарға бағытталған қолдау шаралары күшейтілді. Биылғы жылы аймақтағы аналардың әл-ауқатын арттыру және оларға көрсетілетін көмек көлемін ұлғайту мақсатында бюджеттен 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:Gov.kz

8 наурыз мерекесі қарсаңында аймақтың көпбалалы аналарына ерекше ілтипат көрсетілмек. Олардың құрметіне бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге 20 000 теңге мөлшерінде төлем беріледі, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде аталған санатқа жататын 9 375 ана тіркелген.