ҚОҒАМ

Ордабасы» – «Атырау» матчындағы дау: Төрешілер қызметінен шеттетілді

Қазақстан футбол федерациясы  «Ордабасы» – «Атырау» матчында қазылық еткен Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова ұлттық жарыстар аясындағы матчтарда қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дерекккөз

"Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті. Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Айта кетейік, «Ордабасы» – «Атырау»  матчының 82-минутында атыраулықтар салған екінші голды бас төреші Санжар Ысқақов VAR жүйесіне жүгінгеніне қарамастан күшінде қалдырмады. Бұл гол есептелгенде, «Атыраудың» жеңіске жету мүмкіндігі еселенер еді. Бұған қоса, ойынның 97-минутында «Атырау» ФК қақпасына пенальти белгіленіп, соның салдарынан есеп теңескен. Кейіннен төрешілердің бұл шешімдері қате деп танылды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61