ДАМУ

NASA Байқоңырдан түсірілген кадрды үздік суреттердің қатарына қосты

Байқоңырдан ұшырылған «Союз» зымыранының суреті NASA нұсқасы бойынша жылдың үздік суреттері қатарына енді. Кадр агенттіктің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

NASA өзінің Instagram парақшасында «Союз» зымыранының 2025 жылдың сәуір айында Байқоңырда түсірілген ерекше суретін жариялады. Кадрдағы ұшу алаңы мен зымыранның үйлесімі кәдімгі ғылыми-фантастикалық фильмдердің көрінісіне ұқсас.

«Үш күннен кейін «Союз» NASA астронавты Джонни Ким мен екі космонавтты ХҒС бортындағы сегіз айлық миссиясын орындау үшін төменгі жер маңы орбитасына аттандырды», - делінген жарияланымда.

NASA мәліметінше, астронавт Джонни Ким сегіз айлық миссиясы барысында болашақтың озық медициналық технологияларын сынақтан өткізді. Ол ғарышта медициналық наноматериалдарды қолдану және тіндерді қалпына келтіру әдістемелерін зерттеді. Бұдан бөлек, Ким Ай мен өзге де планеталарға жасалатын болашақ экспедицияларда қолданылатын ғарыштық роботтандырылған жүйелерді сынау жұмыстарына белсене қатысты.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61