ҚОҒАМ
Үкімет мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін жаңартты. Жаңа қаулы азаматтардың патриоттық сезімін қолдау мақсатында мемлекеттік туымызды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейткенімен, оның қадір-қасиетін қорғау үшін нақты талаптар мен тыйымдарды да бекітті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Енді жеке және заңды тұлғалар туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, соның ішінде балкондарға 45 градус бұрышпен іле алады. Тек мынадай негізгі талаптарды сақтау қажет:
Жеке тұрғын үйлерде тудың төменгі жиегі жерден немесе еденнен кемінде 3 метр биіктікте орналасуы шарт. Бұл ретте оны түнде арнайы жарықтандыру міндетті емес.
Егер ту тік күйде орналастырылса, оның ұлттық ою-өрнегі міндетті түрде жоғарғы бөлігінде тұруы тиіс. Ту жерге, еденге, суға тиіп тұрмауға тиіс.
Ғимараттың сәулеттік ерекшелігі туды қабырғаға не балконға ілуге мүмкіндік бермесе, оны іргелес аумақтағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға рұқсат.
Ту бүтін, таза, түсі өңбеген және зақымдалмаған болуға тиіс, заң талаптары сақталған жағдайда, туды жеке немесе заңды тұлғалардың көлік салонына орналастыруға болады. Жаңа құжатта спортшыларға ту бейнесін өздерінің спорттық киімдері мен жабдықтарында ресми түрде пайдалану құқығы берілді. Жаңа құжатта мемлекеттік Туды мәдени, спорттық, қоғамдық және басқа да іс-шаралар кезінде коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайтыны бөлек жазылған.
Сонымен қатар мемлекеттік туды киім, төсек-орын, перде, дастархан, кілемше немесе өзге де жабындар ретінде қолдануға тыйым салынады. Көк байрақты әдейі зақымдауға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға және оның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген басқа да әрекеттерге жол берілмейді.
Айта кетейік, премьер-министр қол қойған қаулы 13 шілдеде күшіне енеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61