ҚОҒАМ
Қазақстан аумағында 50 мың гектар жайылым жерді жас мал өсіруге беру мәселесіне байланысты Өзбекстан тарапына қолданыстағы заңнама талаптарына сай келетін балама механизм ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Атап айтқанда, малды Қазақстанда өсіріп, бордақылау және кейін дайын ет өнімдерін Өзбекстанға экспорттау көзделіп отыр.
Бұл ұсыныс 5–6 тамыз күндері Ташкент қаласында өткен Қазақстан–Өзбекстан бизнес форумында талқыланды.
Алайда Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы шетел азаматтары мен шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты аталған бастаманы жүзеге асырудың өзге жолдарын қарастыру қажеттілігі туындады.
Қазақстан Мал өсірушілер одағы өзбек кәсіпкерлеріне ірі қара мен ұсақ малды форвардтық сатып алу тетігін пайдалануды ұсынды. Бұл модель бойынша қаржыландыруды өзбек тарапы қамтамасыз етеді. Ал Қазақстандағы бордақылау алаңдары малды отандық фермерлерден сатып алып, оны ел аумағында өсіріп, қажетті деңгейге дейін бордақылайды.
Мал белгіленген салмаққа жеткеннен кейін Қазақстан кәсіпорындарында сойылып, дайын ет өнімдері алдын ала жасалған келісімшарттар негізінде Өзбекстан нарығына экспортталады.
«Мұндай тәсіл шетелдік тараптың Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануына қатысты заңнамалық шектеулерді сақтай отырып, екі ел кәсіпкерлерінің өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Мал өсірушілер одағының басшысы Дәурен Салықов.
Ұсынылып отырған форвардтық сатып алу моделі Отандық мал шаруашылығына инвестиция тартуға, фермерлер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және Қазақстанда ет өндіру көлемін арттыруға ықпал етуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61