ҚОҒАМ

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты

Қазақстан тұрғындарының зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 3 трлн теңгеге ұлғайды. Жинақтардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін міндетті зейнетақы жарналары құрайды. Олардың көлемі 26 трлн теңгеге жеткен.

Сонымен қатар салымшылардың шоттарына ерікті зейнетақы жарналары бойынша 10 млрд теңге түскен. Кәсіптік зейнетақы жарналарының көлемі шамамен 751 млрд теңгені құрады.

Жұмыс берушілер тарапынан аударылған зейнетақы жарналары 1 млрд теңгеден асты.

Жинақ көлемінің өсуімен қатар, зейнетақы активтерінен алынған таза инвестициялық табыс та артқан. Биыл оның көлемі 1 трлн 230 млрд теңгеге жетті.

Мамандардың мәліметінше, зейнетақы жинақтарының ұлғаюына тұрақты жарналар мен зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері әсер етеді. Жинақ көлемі азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61