РАЗВИТИЕ
Ұялы байланыс операторлары тариф құнын қайта қарауды жоспарлап отыр. Компаниялар мұны желіні дамытуға салынатын инвестиция мен шығындардың өсуімен байланыстырады.
Служба поддержки авторов
mediabugin@gmail.com
«КаР-Тел» ЖШС-нің (Beeline Қазақстан) бас атқарушы директоры Джаббор Каюмов биыл тарифтердің орта есеппен 10 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Өзгерістер абоненттердің бәріне бір мезетте енгізілмейді: тарифтер кезең-кезеңімен жаңартылады, ал бір абонент үшін баға жылына бір реттен артық өспейді. Каюмовтың сөзінше, өсім инфляция деңгейінен аспайды.
Kcell басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Асқар Жамбакин тариф бағасына желіні дамытуға жұмсалатын инвестиция мен оператор шығындарының көбеюі әсер ететінін жеткізді. Оның айтуынша, компания төрт жылда инфрақұрылымға 468 миллиард теңге салған. Соңғы үш жылда 4G базалық станцияларының саны шамамен 5 мыңнан 11 мыңға дейін өскен, ал 5G желісін дамыту үшін тағы 3 мыңға жуық станция орнатылған. Жамбакин тарифтер орта есеппен 10–12 пайызға көтерілуі мүмкін екенін айтты.
Tele2 және Altel брендтерін ұсынатын «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС басқарма төрағасы Александр Бабичев соңғы жылдары бір абоненттің мобильді интернетті тұтыну көлемі төрт есе артқанын атап өтті. Бұл желіге қосымша инвестиция салуды қажет етеді. Оның айтуынша, келесі жылы да жекелеген тарифтер қайта қаралуы мүмкін: өсім шамамен 10 пайыз болады, бірақ 15 пайыздан аспайды. Бабичев ұзақ мерзімде Қазақстанда мобильді байланыс абоненттік төлемінің өсу қарқыны жаппай тұтыну тауарлары инфляциясынан төмен екенін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61