Саясат

Сайлау: Литвада тәуелсіз кандидат жеңіске жетті

Гитанас Науседа президент сайлауының 2-кезеңінде жеңіске жетті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Литвада Президентті сайлаудың екі кезеңі аяқталды.

Дауыс басымдылығымен 55 жастағы тәуелсіз кандидат экономист Гитанас Науседа жеңіске жетті.  Оған халықтың 68,4% -ы дауыс берді. Оның қарсыласы бұрынғы қаржы министрі 45 жасар Ингрида Шимоните 30,3% дауыс жинады. Дауысты санау жалғасады, бірақ нәтиженің өзгермейтіні анық.

12-мамырда президенттікке үміткерлердің арасында 1-кезең болды. Оған 9 үміткер қатысты. Сол кезде Науседа 30% дауыс жинаса, Шимоните одан 1% аз дауыс жинады. Жеңіске жету үшін үміткер 1-кезеңде 51%-дан кем жинамауы керек еді.

Халық президентті 5 жылда бір рет сайлайды. 2009 жылы Даля Грибаускайте билік басына келсе, 2014 жылы ол екінші рет президент болып сайланды.