Экономика
Тек экономикалық жағынан ғана емес...
Ресейдегі РОСНАНО басшысы Анатолий Чубайс Ресейдің ішкі жалпы өнімінің пайызын арттырмайынша, алдағы уақытта Қазақстан, Греция, Түркия сияқты елдерден қалып қоюы мүмкін екенін атап көрсетті.
Оның айтуынша, Ресейдің ІЖӨ көрсеткіші жылына 1,5-2% құрап отыр. Ал әлемдік көрсеткіш бойынша орташа есеппен дамыған елдер 3,5 % көрсетеді.
Анатолий Чубайс: «Тек қана Еуропа мен Штат қана емес, алдағы уақытта Ресей Греция, Қазақстан және Түркия секілді елдерден қалып қоюы ғажап емес. Оның өзінде тек экономикалық өсу жағынан емес, орташа өмір сүру бойынша да қалып қояды. Оның ішінде адам капиталы, мәдениет, білім және медицина саласы да бар».
А.Чубайстың сараптауынша Ресейді алға озып шығуы үшін ІЖӨ көрсеткіші жылына 6-7% құрауы керек.