Weekend

АҚШ Конгресі «биоқару» болуы мүмкін жәндіктерге тексеру жүргізе бастады

Пентагон тарапынан құпия түрде жасалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ конгресі 2020-шы жылға жоспарланған АҚШ-тың қорғаныс бюджетіне түзету енгізді деп хабарлайды RT.COM ақпарат агенттігі.

Түзету Пентагонның Құпия бағдарламасында қамтылған, жәндіктерді (соның ішіндекенелерді) химиялық қару ретінде пайдалану туралы әрекеттерi мәжбүрлы түрде тергеуге алынуы мүмкін.

«House of Lyme Disease Caucus» қауымдастығының тең төрағасы Кристофер Смит (R-New Jersey), болжаған «биоқаруландыу» бағдарламасы және оның ықтимал жанама әсері,соның ішінде бактериалық инфекция туралы бірқатар қатал сұрақтар қойды.

«Американдықтар бұл туралы шындықты білуге құқылы», - деді Смит баспа сөз маслихатында. Ол: «бұл эксперименттер Люма ауруы мен басқа да құстың ауруларын мутацияға және таратуға әкелді ме? Кім тапсырыс берді? Дизайн арқылы шығарылған кенелер болды ма?»,- деді.

Заң шығарушылар Смит түзетулерін бюджеттің соңғы нұсқасына қосу немесе қоспау туралы мәселені қарастыруда,олсоңында президент Дональд Трампқа жіберілетін болады.

Өкілдер палатасының 2020 жылға арналған қорғаныс бюджетін қайта қарауы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Бас инспекторы басқармасынан 1950-1975 жж. кенелер мен басқа да жәндіктерді қару-жарақ ретінде сынақтан өткізген өткізбегені туралы түсіндіруді талап етеді.

Егер шын деп табылса, инспектор генерал Конгресті зерттеу туралы толық  ауқымды  ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет.

Бұған дейін, зерттеушілер Нью-Йорктегі Плум Блосс аралы және Мэриленд штатындағы Форт Детрикте ұзақ жылдар бойы жәндіктермен тәжірибе жасап, оларды биологиялық қару-жараққа айналдырдыумен шұғылданды деген дақбырт бар, бірақ мұндай биологиялық соғыс жоспарлары туралы ешқандай дәлел табылмаған болатын.