Саясат

Енді шенеуніктер отандық көлік мінуге міндеттеледі - «ҚазАвтоӨндіріс» мәлімдеме жасады

Үкімет басшысы қаулыға қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуларға импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы хабарлайды. Одақтың мәліметі бойынша, мұндай қадам отандық нарықтың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр.

«ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, елдің ішкі нарығын қорғау және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1.     Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды ұлттық режимнен алып қою белгіленсін. 

2. «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін» делінген Қаулы мәтінінде. Ұлттық режимнен алынған тауарлар тізіміне жеңіл автокөліктер еніп отыр.

2.     «Тиісті қаулы күшіне енді және екі жыл бойы әрекет етеді. Құжат «СТ-КZ» нысанындағы сертификаттың міндетті талабы бойынша тек отандық өндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды және жалға алуды жүзеге асыруды ұйғарады», - дейді автоөндірушілер одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Қаулыны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

 «Былтыр отандық автозауыттар шығарған өнімнің 11 пайызға жуығын мемлекеттік құрылымдар сатып алған. Конкурсқа қатысу үшін «СТ-КZ» сертификатының басты талап ретінде қойылуы мемлекеттік сатып алу рәсімін неғұрлым ашық етеді», - дейді Арутр Мискарян.