Саясат
Олардың қайта кеткені әзірше белгісіз
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко жанұясымен Украинаны тастап шығып, Біріккен Араб Әмірлігі мен Германияға ұшып кетті.
Бұл жайында Украина елінің мемлекеттік кеден қызметі хабарлады. Порошенко әулеті бір бөлігі 23 шілде күні Германияға ұшып кеткен болса, Петр Порошенко, Алексей Порошенко мен оның жары Юлия Порошенко және Елизавета Порошенко (экс-президенттің немересі) отырған тағы бір ұшақ 28 шілде күні Украинадан ұшып шығып, Ыстамбұлға, кейін Дубайға барып қонған. Одан кейін қайда кеткені белгісіз.
"Страна" басылымының хабарлауынша, олар Мальдив аралдарына демалуға кетуі мүмкін. Өйткені экс-президент әулеті былтыр да аталмыш аралға демалысқа кетіп, арты үлкен дауға айналған еді. Себебі әулет мүшелері аралда демалу үшін жарты миллион доллар қаржы шашқан көрінеді.
- Сол кезде де президент әулеті жасырын түрде демалуға кеткен болатын, - деп жазады басылым.
Айта кету керек, Мемлекеттік тергеу бюросы Порошенконы 12 тамыз күні кезекті тергеуге шақырған болатын.