Bugin

Жылына 1000 жалдамалы пәтер салынады: кімдерге беріледі?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдің айтуынша, әкімдікте кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға баспана тұрғызу мен дайын үйлерді сатып алу үшін 50 млдр теңге жұмсалмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Барлығы 7482 отбасыға арендалық баспана беру жоспарланған.

- Мамыр айынан бастап 1 619 көпбалалы отбасыға тұрғын үй берілді. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жұмыс жасайтын жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жылына 1 000 жалдамалы пәтер салу жоспары бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы санаттағы тұрғын үйлерді салуға және сатып алуды қаржыландыруға көлемі жыл сайын 21,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады. Осының арқасында үш жылда жастар үшін 3 000 пәтер салынады, - деп атап көрсетті Скляр.

Одан бөлек, елордада кезекте тұрған 6 мың тұрғынға пәтер беріледі. Ал 1 шілдеге дейін 924 пәтер берілген көрінеді. 


Sputniknews.kz