Bugin
Басында 40 млн теңгеге үш көлік сатып алынбақ болған
Дегенмен үш көліктің құны 36 млн теңгеге тең болды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал автокөліктердің біреуі 17 млн теңге тұрса, қалған екеуі 14 млн теңге мен 5 млн теңгенің үстінде. Шенеуніктердің айтуынша, бұлар люкстік көліктер емес әрі үшеуін де отандық зауыттардан сатып алынған.
- Айта кеткеніміз жөн, біз тек отандық көліктерді ғана сатып аламыз. Ол люкстік көліктер емес. Шетелдік көліктерден бірнеше есе арзан. Комплектациясы да стандартты, артық талаптары жоқ, - дейді Солтүстік Қазақстан әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының басшысы Нұржан Исманов.