Bugin

Жасөспірім отбасындағы 5 бірдей адамды балталап өлтірді

Ол бұл қадамға отбасындағылардың «өз-өзіне қол жұмсауынан алаңдамауы» үшін барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұндай қатыгездік орыс ауылын есеңгіретіп тастады. Себебі отбасының мақтанышы болып келген жеткіншек бүкіл отбасын балтамен шауып өлтіргені құлақ естімеген жағдай болатын, деп хабарлайды “RT.COM” ақпараттық сайты.

Бұл трагедия кенеттен өрбіген сияқты. Волга өзенінің Ульяновск аймағындағы ауылдан шыққан 16 жастағы Темирлан өз мектебіндегі ең жақсы оқушылардың бірі болған. Көрнекті жетістіктерінен сырт онда бөтен еш жағдай болмаған және әртүрлі пәндер бойынша мектепшілік жарыстарға қатысып жүрген.

Жас жігіттің мінез-құлқы оның сабақ үлгерімімен де сәйкес келеді: оны білетіндер Темирланды мейірімді және көңілді адам ретінде сипаттайды, ешқашан ешкімге артық ештеңе айтпағанын, ешқашан жаман сөз сөйлемейтінін айтады. Ол әкесіз өссе де, басқа туыстарымен қарым-қатынасы орнықты және тату болған дейді.

- Әжесі оны өзінің әлемі деп есептейді және үнемі немересі туралы айтады, - деп еске алады трагедиялы отбасының досы.

Оқиға жексенбіге қараған түні орын алған, Тимерлан өзінің отбасы мүшелерін балтамен шауып өлтірген. Келесі күні таңертең оның атасы, әжесі, анасы және төрт жасар інісі мен әпкесіның боршаланған денесі табылған.

Өлтірушінің өзі де өлген. Тергеушілер Тимерланның жақын маңдағы мұнараға өрмелеп шығып, секіріп өлген деп санайды. Оның денесі мұнараның түбінен табылды. Осыдан өзге расталған ақпарат жоқтың қасы, бірақ ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары тексеруге жарайтын дерек көздер мен жасөспірімдердің таныстары негізінде егжей-тегжейлі ақпарат беріп жатыр.

Оның қылмысын түсіну қиын және тосын болып көрінеді, бірақ хабарларға қарағанда, Темирлан артына салқын түсініктеме қалдырған. Түсініктемеде: 

- Мен бұл өмірден кеткім келеді әрі менің кесірімнен туыстарым қайғырмауы үшін оларды да ала кетуді ұйғардым, - деп жазған. 

Бұл туралы «Интерфакс» агенттігінің тергеушісі мәлімдеді.

Хабарларға сәйкес, ол таңғы сағат 3-те осы жантүршігерлік әрекетке барған, сонымен бірге досына сәл өзгеше оқиға туралы дауыстық хабарлама жіберген. Хабарламада ол анасымен, інісімен және қарындасымен «шешілмейтін жанжалға» барғанын, мәселені шешудің жалғыз жолы оларды өлтіру екенін айтқан. Тағы бір жағынан, ол өзінің ата-әжесін қатты жақсы көретінін, сондықтан басқа отбасы мүшелерінің өліміне алаңдамас үшін оларды өлтіруді шешкенін айтады. Тимерланның жүйке ауыруымен ауыруы мүмкін деген болжам бар. Қазір тергеушілер автопсихиатриялық тексеруді жоспарлауда.