Саясат

Атамқұлов Германияға барды: Қандай мәселе шешілді?

Қазақстан мен Германия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Германия алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге шыға алатын мемлекетаралық қатынастардың барлық кешені бойынша көп жоспарлы серіктестікті арттыруға ниеттеніп отыр. Мұндай нәтижелерге ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ГФР-ға ресми сапары аясында неміс саясаткерлерімен келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

ҚР сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан СІМ басшысы өзінің әріптесі – ГФР сыртқы істер министрі Хайко Маас, Федералдық президент ведомствосының басшысы Штефан Штайнляйн, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы, Бундестаг депутаты Манфред Грунд, Экономика және энергетика министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Томас Барайспен кездесті. 

Кездесу барысында Б. Атамқұлов пен Х. Маас екіжақты қарым-қатынастың көпжақты форматтағы негізгі мәселелерін талқылап, «сағаттарды салыстырды». 

Жоғары қызметтегі неміс дипломаты ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын бірлесіп әзірлеуге дайын екендігін білдірді. Тараптар жалпы білім беру, әсіресе дуалды білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Герман экономикасы өкілдерімен келіссөздерде тараптар сауда айналымының өсіп келе жатқан көрсеткіштерін оң бағалады, ол 2018 жылы 5,1 млрд АҚШ долларын құрады (Германия статистикасына сәйкес).