Bugin

Тянь-Шаньдағы альпинистерді іздеу тоқтатылды

Іздестіруге жіберілген әскери альпинистер қайтып оралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қырғызстанда Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен алматылық альпинистерді іздеу тоқтатылды.

Іздестіруге жіберілген әскери альпинистер қайтып оралды. Жоғалған адамдардың өздері де, олардың іздері де табылған жоқ. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында іздестіру-құтқару операциясының мүшелері мәлімдеді.



- Көзбен барлау барысында ешқандай іздер байқалған жоқ. Жылу түсіргішпен сканерлеу де сәтсіз болды. 21 тамызда Жеңіс шыңы аумағында бұлтты болды. Бір күн ауа-райы басылғанын күттік. 22 тамызда тағы ұштық. Нәтиже жоқ. Көшкін жүру қаупі сақталуда, бұл іздеуді жалғастыруға мүмкіндік бермейді - деді іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі Василий Пивцов.



- Үлкен жұмыс атқарылды. Ауа-райының қатаң жағдайына қарамастан, барлық мүмкіндіктер жасалды. Біздің отбасымыздан екі елдің мемлекеттік органдарына алғысымыз шексіз. Қырғызстандағы ҚР консулына, Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысына, альпинистерге үлкен рахмет, олар өз ісінің мамандары. Жігіттер шын мәнінде көп күн жұмыс істеді, ұйықтамады, бірлесіп жұмыс істеді. Бүгін біз жігіттердің қайтып оралуынан үмітімізді үзбейміз және жақсы нәтижеге сенеміз. Барлығы үшін тағы да рахмет, - деді жоғалған альпинист Мұрат Өтепбаевтың әйелі Шахаризад Шахбутов.



- 1993 жылы Хан-Тәңірі шыңының ауданындағы қар көшкінінен төрт адам қаза тапқан еді. Әлі күнге дейін іздері жоқ. Тянь-Шань – қауіпті тау. Көшкінді таулар, тіпті, денелерді табуға мүмкіндік бермейді. Біз альпинистердің кетуі мүмкін немесе көшкіннің салдарынан құлап кетуі мүмкін деген барлық жерледі көрдік. Ол жердің бәрін сканерледік. Өкінішке орай, таппадық. Алғашқы көмекті түсіру үшін құтқару жүгі дайын болды. Біз сенеміз... Бірақ факт, тіпті денелерінің табу мүмкін еместігі,- деді ҚР альпинизм және спорттық шыңға өрмелеу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев.



Tengrinews.kz