Hi-Tech

Ұлттық музейде мультимедиялық зал ашылады

Цифрлық платформа музей қонақтарына қазақ тарихының бай шежіресі мен құнды жәдігерлерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы таныстырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде мультимедиялық 3D зал өз жұмысын бастамақ.

Цифрлық платформа музей қонақтарына қазақ тарихының бай шежіресі мен құнды жәдігерлерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы таныстырады. 

Жаңа зал музейге келушілерді виртуалды кеңесшінің көмегі арқылы залда жүру ережелерімен қатар, қауіпсіздік ережелерімен де ақпараттандырады. Одан әрі мұражай нұсқаушысы 3D панорамаларына саяхат жасайды. Бұл нұсқаулық қонақтарға цифрлы форматтағы тарихи жәдігерлермен және ерекше мәдени ескерткіштермен де танысуға жағдай жасайды. Заманауи технологияға анимациялық, графикалық бейнелер пайдаланылған.

- Көру аймағында сенсорлық тақтасы бар арнайы дисплей мен touchpad орнатылған. Ол зергерлік бұйымдарға, картиналарға және еліміздің ең көрікті жерлеріне 3D экскурсия жасай алады. Сонымен қатар, виртуалды экскурсия жасауға арналған шлемдер мен арнайы машиналар жұмыс істейді, - деп түсіндірді ҚР Ұлттық музейі қызметкері Мадина Ыбрайым.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған мультимедиялық залдың ауданы 240 шаршы метрді құрайды. Залда алдағы уақытта көрмелер мен білім беру бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмыстары да өткізілетін болады. Сонымен қатар, виртуалды экскурсиялар, 3D сфералық панорамалар, интерактивті кітаптар сынды цифрландыру мүмкіндіктері шетелдік туристердің және жас ұрпақтың тарихты тануға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Мультимедиялық зал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, Ұлттық музейдегі виртуалды нұсқаушының көмегімен жұмыс жасайтын мультимедиялық залдың ресми ашылуы 29 тамызға жоспарланып отыр. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді.