Саясат

Қосанов «сатқындығы» үшін Ақордадан қанша ақша алды?

Сатқындықтың ақысы қанша

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғаламторда «Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс сайлау» спектакліне қатысып, басты рөлді сомдағаны үшін Қосанов мырзаға Ақордадан $1 млн доллар төленуі мүмкін деген ақпараттар жүрген еді.

Жорамал дұрыс болғанымен, оны дәлелдер дәйек жоқ.

Десе де, «сатқындықтың құнын» білуге тырысқан CAA&RC аналатикалық орталығы саяси арена мен Ақордаға жақын жүрген инсайдерлерінен Қосановтың гонорары қанша болғанын сұрап көрді. Олар Қосановтың ақысы жоғарыда аталған цифрдан екі есе көп деген мағлұмат берген.

- Өкінішке орай, мұны құжат жүзінде дәлелдеу қиын (әзірше). Төлемақы құжат пен қағаз күйінде расталғанның өзінде оның жақын арада, бір-екі жылдың ішінде, табыла қоюы екіталай. Егер бұл ақпарат рас болса, онда Қосанов мырза оппозицияда жүрген 30 жылының «жемісін» жеді, ақысын алды десек болады. Зейнетке бай болып шығатын болды. Өмірінің соңына дейін жететін қаржы жинап әкетті, - деп жазады тәуелсіз портал.

Ал «Әміржан Қосановтың алдағы уақытта саяси тұлға ретінде маңызы мен қызметі бар ма?» деген сауалға аталмыш зерттеу орталығы «жоқ» деген тұжырымға келеді.

- Ақорда Әміржан Қосановтың имиджін қайта қалпына келтіру үшін үлкен шығын мен қаржы кететінін жақсы түсініп отыр. Оның үстіне, оны «қайта тірілтудің» мәні де жоқ. Егер елде бірнеше оппозициялық бірлестіктер мен ұйымдар болғанда, мүмкін, Қосановтың Ақордаға дегені қажеті шығып қалар. Алайда қазіргі жағдайда оның рөлі билікке керек жоқ, - деп түйіндейді басылым.

Қосанов халықтың алдында ар-намысы оянып, жақтастарын қайда жинақтаса да, Ақорда оған партия құруға, парламенттік сайлауға қатысуға рұқсат бермейді. Оның үстіне, Қосановтың қолында қазір идея да, жақтастарын қайта жинайтын қабілеті де жоқ.

Айта кеткен жөн, сайлау алды науқаны кезінде Қосанов Баян Мақсатқызына берген сұхбатында өз штабына 76 млн теңге жұмсағанын әрі оны туған-туыстары мен достарынан жинағанын айтқан болатын.