Weekend
2,5 мың қытай кәсіпорны тіркелген
Қытайдан Қазақстанға келетін инвестициялар ағыны 2015 жылдан бері оң динамиканы көрсетіп келеді, олардың орташа жылдық өсімі 22%-ды құрап отыр. Бұл ретте инвестицияның ең үлкен көлемі 2018 жылы келген – 1,5 млрд доллар. 2017 жылға қарағанда 37,6%-ға артық және 2015 жылға қарағанда 78,6%-ға артық.
2019 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2,5 мың қытай кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 1,1 мың жұмыс істеп тұрғандары бар. Сондай-ақ ел аумағында 3 Қытай Банкі жұмыс істейді: Altyn Bank, Bank of China Kazakhstan және ICBC (Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкі).
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша банктердің активтері 886,2 млрд теңгеге немесе банк секторының жалпы көлемінің 3,5%-на жетті.
Қазақстанда жалпы құны 27,4 млрд доллар болатын 55 қазақстан-қытай жобасы жүзеге асырылуда. 2015-2018 жылдар аралығында 10 кәсіпорын іске қосылды.
Ең маңызды жобалар:
Цемент өндірісімен айналысатын «DanAke» ЖШС, China Gezhouba Cement Co. Ltd. 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Инвестициясы 178 млн доллар, 226 жұмыс орны ашылды;
«СарыарқаАвтоПром» СМС ЖШС және JAC Motors CMC стратегиялық әріптесімен бірге ірі торапты құрастыру (CKD/SKD) және ұсақ торапты құрастыру (CKD) әдісімен JAC маркалы жеңіл автомобильдердің өндірісі. Кезең-кезеңмен іске қосылды: 2015 жылы I кезең, 2017 жылы II кезең. Инвестициясы 22 млн долларды құрады, 350 жұмыс орны құрылды.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы құрғақ порт, «KTZE–Khorgos Gateway» ЖШС, Lianyungang Port Holding Group Co. Ltd., COSCO Shipping Lines Co. Ltd. Инвестициялар 76 млн доллар.
Ал 2019 жылы жалпы құны 350 млн доллар болатын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.
Даланьюс