Саясат
Саяси реформалар жайлы ойын жеткізді
Президент ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында саяси реформалар жүйелі түрде жүргізілу керектігін айтты.
- Ортақ тапсырламаларды орындауда өзімнің көзқарастарымды айта кетсем деймін. Заманауи тиімді мемлекет! Мен уәде еткен саяси трансформация кезең-кезеңімен іске асырылып, мемлекет пен халықтың барлық мүдделері ескеріледі. Әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, жүйесіз саяси либерализация ішкі саяси жағдайда дестабилизацияға, тіпті мемлекетті жоғалтып алуға дейін апарып тынады. Сол себепті біз саяси реформаларды алға қарай жүгірмей, нық әрі ойлы түрде жүргіземіз. Біздің іргелі қағидат – елдің қоғамдық-саяси жаңғыруынсыз табысты саяси реформа жүргізу мүмкін емес, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мықты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет – осы мақсатқа ұмтылуымыз керек.
- Бұл саяси жүйенің формуласы - мемлекет тұрақтылығының негізі. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық конструктивті сауалдарын жерде қалдырмайтын тыңдаушы мемлекет концепциясын іске асыру. Тек тұрақты диалогтың арқасында үйлесімді мемлекет құруға болады, - деді Президент.