Саясат

Қытайдан зауыт керек жоқ! Елорда халқы көшеге шықты (Видео)

Қолдарында плакат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Куәгерлердің түсірген видеоларына қарағанда, қолдарына плакат ұстап, талап қойған наразы топ қалалық әкімдік алдынан шеруге шыққан көрінеді. Олар қазір ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткішке қарай сап түзеп барады.

Оларға полиция қызметкерлері ілесіп жүр.

Елорда жұртының көтерілуіне кеше Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында болған наразылық шарасы себеп болған. Батыс тұрғындары Қазақстанға Қытайдан әкелінгелі отырған 55 зауытты елге кіргізбеу туралы талап қойған болатын.

Кеше Жаңаөзен қаласының орталық алаңына шыққан тұрғындардың саны 500-ге дейін жеткен еді. Содан басталған митинг әлі де жалғасуда.