Bugin

Қазақстанда өзбек жүк көлігіне тас лақтыру жағдайы болды (Видео)

Кім екені белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгісіз біреулер Атырау тас жолымен өтіп бара жатқан Өзбекстанның жүк көліктеріне тас лақтырған. Мұны «ОСА» қоғамдық бірлестігінің Facebook-тегі парақшасына Нурилло Нуритдинов есімді қолданушы видео жариялап хабарлады.

Жазба авторының айтуынша, оқиға 7 қыркүйек күні таңертең болған. Сөздеріне қарағанда, үлкен жүк көлігінің жүргізушілері бұл уақытта Атырауға қарай жол жүріп бара жатқан. Салмақ өлшейтін посттан өткеннен кейін белгісіз біреулер жүк көлігіне тас лақтырған. Көліктің терезесі сынып, шанағына тас шаншылып қалған.

Ал бұл жазбаға пікір қалдырған Қуаныш Обышев есімді желі қолданушысы Атырау тас жолына қиыршық тастар төселіп жатқанын, қарсы бағытта келе жатқан көлік қатты жылдамдықпен жүрсе, тас ұшатынын, көлікке тиген тастардың да содан ұшуы мүмкін екендігін айтады.

- Мен де көлігімнің терезесін сындырып алдым. Жолда 40 деген белгі қойылғанымен, оған қарап жатқан ешкім жоқ. 130-140-пен өтіп кетеді, - деп жазады ол.