Алматыда Фариза спектаклі тұсаукесері өтті

Фариза Оңғарсынова - 80 жаста

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, 

Бірімізден біріміз арылармыз. 

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, 

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

(Мұқағали Мақатаев)

Бір ғажайып боларына сенген ем... Фариза пьесасы басталмай жатып, осындай керемет туынды өмірге келіп жатқанын білдік. Екінші күнгі премьераға бар шаруаны ысырып қойып барған едік. Бас продюсері қазақтың талантты қыздарының бірі Айнұр  Көпбасарова, Айнұрдың қолынан  өткен дүниенің осалын көрмеппін... Композиторы - Ренат Гайсин...  Режисері - Ферхат Молдағали. Кіл мықтылардың еңбегі... 

Ығы жығы халық та қисап жоқ. Кассада билет жоқ дегеніне қарамастан, кетпей халық жолай жүріп жатқан жүргіншілерден "артық билет сатасыздар ма?" деп сұрап жүр. Бір қуанып, бір мұңайдық. Қуанғанымыз театрға келетін, өнерді бағалайтын халықтың көбейгені болса мұңайғанымыз аты дардай М.Әуезов театрының өзі бүгінгі күнде кішігірім болып қалғаны, халық молынан сиятын бір театр керек ақ екен...

Қош сонымен ішке кірдік, Фариза афишасында суретке түсіп тұрған халық арасынан бойшаң әйел көзімізге оттай басылды. Оразкүл Асанғазы қызы арнайы осы спектакльге Нұр-сұлтанан келіп отыр екен, басқа да танымал тұлғалар жүрді. Тас қараңғы дала... Жаңбыр шүмектеп сорғалап тұр.  

Иығын қушитып алған әйел ақырын келе жатыр...  Назгүл Қарабалина... Спектакльдегі алған әсерімізді дәл көзбен көргендей жеткізе алмаймыз. Ақын Фариза Оңғарсынова апамыздың 90 жылдық мерейтойына қарсы әзірленген қойылымда махаббат мейірім де ыза мен кек те бар... 

Назгүлдің рөлі сұрапыл, осы бір жылап, бір күліп, бір  қайғырып, қуанған сәттерді көрермен жүрегіне жеткізе білді. Бір сағатқа созылған уақыт бойына халық тапжылмай отырып көрдік.

- Егер Фариза апам тірі болғанда бұл шығарма дүниеге келуі екі талай еді, - дейді авторы Роза Мұқанова. 

Фаризаға деген сағыныш осындай ғажайыптың өмірге келуіне себепкер болыпты.

Заманауи техникалық жабдықтармен сайланған топ жақын күндері Мәскеу қаласына барады екен. Фариза тек қазақтың емес әлемнің Фаризасына айналсын деп тілейік.