Woman
Парламент елдегі балалар некесінің алдын алуға кірісті
Индонезия парламенті елдегі балалар некесін шектеу үшін заңға өзгеріс енгізді. Енді әйелдердің неке жасы 19 жас боп бекітілді, деп хабарлайды Cnn.com.
Индонезия Палатасының өкілдерінің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, елдегі қолданыстағы неке туралы заңды қайта қарауға қатысты бірауыздан келісімге қол жеткізді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қыздарға 16 жаста, ал ұлдарға 19 жаста некеге тұруға рұқсат етіледі, ал ата-аналар діни соттардан немесе жергілікті лауазымды адамдардан кіші қыздардың (16-дан төмен) некелерін рұқсат етуді сұрай алады – мұндай жағдайларда ең төменгі жас белгіленбеген.
Балалар некесін тоқтатуға бағытталған ғаламдық серіктестік Girls Not Brides деректері бойынша, Индонезия әлемде «бала-қалыңдықтардың» саны жағынан сегізінші орында.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Индонезиядағы қыздардың 14%-ы 18 жасқа дейін, ал 1% -ы 15 жасқа дейін тұрмысқа шығады.
Кедейшілік, отбасының ар-намысы туралы түсінік, әлеуметтік нормалар, әдет-ғұрып және діни заңдар – мұның барлығы қыздарды бала жасынан тұрмысқа шығуына мәжбүр ететін факторлар болып табылады.
- Индонезия парламентінің шешімі қыздардың ер балалар сияқты бірдей мүмкіндіктерге ие екенін мойындаудағы оң қадам, - дейді Girls Not Brides-тің атқарушы директоры Рейчел Йейтс.
- Балалардың некесін тоқтатуға көмектесетін заң ғана емес, - деп қосты ол. - Заңдар мен саясат балалар некесінің алдын алуда маңызды болғанмен, біз бірінші кезекте баланың некеге тұруына мүмкіндік беретін көзқарасты өзгертуіміз керек, - деді ол.
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер үш жыл ішінде енгізілетін болады.