Bugin
Алматыдағы 264 мектептің бірде-бірінде қытай тілі оқытылмайды
Қалалық білім беру басқармасы мамандарының айтуынша, елде қытай тілін оқығысы келетіндердің азаюына байланысты қытай тілін үйрететін орталықтар да жабылып жатыр.
Сондай қытай тілін оқытатын орталықтардың бірі былтыр ашылған екен. Ол мектеп емес. Өйткені оған берілген мемлекеттік лицензиясы жоқ.
- Қызығушылық танытқандарға қытай тілін үйрету үшін ашылған 2-3 айлық курс болатын. Менің білуімше, әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастаған кезде Білім басқармасы тарапынан да барып, тексеріп қарадық. Бұл Әуезов көшесінің бойындағы шағын ғана жерді жалға алып, қытай тілін үйрету курсын ашпақшы болған. Бірақ қазіргі таңда біздің білуімізше, қызығушылық танытатындардың болмауына байланысты ол курс жабылып қалды, – деді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.