Bugin

Мырзағали Айтжанов: Ресейге барып, Левиттің тағдырын кешкен бокшылар көп болды

Өзбектердің бокс өнерін мойындамаймын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздіктерге пікір білдірген Қазақстанның бас бокс бапкері Мырзағали Айтжанов биылғы әлемдік сайыста әділетсіздік көрген бокшылардың көп болғанын айтады. Нұрсұлтан Құрманға сұхбат берген бас бапкер қазақ бокшыларымен бірге үнді, тай, моңғол бокшылары да сан соғып қалғанын жеткізді.

Әсіресе, қазақ көрермендері үшін Василий Левиттің жеңілісі қатты дау тудырғаны белгілі.

- Бұдан үлкен дау шығарудың қажеті жоқ. Бұйырмаған нәрсе бұйырмады. Қанша апелляция берсек те, жекпе-жекті ешкім қайтарып бермейтін еді. Неге десек, бұл Ресейдің... Мәселен, Ресейдің ауыр салмақта бокстасқан Бабаниніне қайтарылып берілді ғой деп айтуы мүмкін көбі. Алайда жарыс Ресейде өтіп жатқаннан кейін... Қаншама елдің бокшылары Левиттің кейпін кешті десем, қателеспеймін. Жоқ дегенде, 7-8 протест берілді әр елден. Филиппин, Тайланд, Үндістан, Моңғолия да беріп жатты. Бірақ ешкімнің жекпе-жегін қайтарып берген жоқ. Тек қана Ресейде болып жатқаннан кейін, орыстың бокшысына ғана қайтарылып берілді, - деді Айтжанов сұхбат кезінде.

Сұхбат барысында бас бапкер өзбек бокс өнері жайында да пікір білдіріп өтті. Оның айтуынша, өзбек боксы мен қазақ бокс шеберлігін бір-бірімен салыстыруға мүлдем келмейді.

- Мен тек қана көрсеткіш жағынан, яғни, алған медальдарға қарап қана өзбектерді мойындаймыз. Бірақ бокс өнері жағынан [өзбектерді] мойындамаймын. Ауыр салмақта тек өз күшімен ұтқан [өзбектердің арасында] ол Жалолов қана. Ал басқа чемпиондарға сұрақ көп... Басқа елдің бокшылары жылап жатыр бапкерлердің еңбегі зая кетті де-е-еп... – деді Айтжанов.