Weekend
1700 видесабақ жүктелген
Оқушыларға мектеп пәндерінен онлайн сабақ үйрететін бірегей платформа іске қосылды. Біз бұған дейін елде баламасы жоқ, қолжетімді білім беру бағыты Daryn.online атты жоба-сайттың іске қосылатынын айтқан болатынбыз.
Енді міне, 1 қазаннан бастап аталмыш сайттың "бета-нұсқасы" ғаламторға салынып, түсірілген видеосабақтардың барлығы сайтқа жүктелді.
- Сабақтарды түсіру мен ұйымдастыруға, сайтты құрастыруға бір жылдай уақыт кетті. Жобаны бастар кезде көп сын айтылды. Ата-аналар мен оқушылар онлайн-сабақ алуға әлі дайын емес дегендей пікірлер болды. Алайда жобаның өзі бизнес саласында 7 жылдық тәжірибесі бар құрылтайшылардың идеясымен жасалғандықтан, нарықты жіті зерттеудің мүмкіндік көп болды. Соның арқасында бұл жобаның дамуға деген мүмкіндігі жоғары екенін байқадық, - дейді Daryn.online жобасының директоры Бөгенбай Серікбай.
Осы уақыт аралығында мұғалімдерді табу мен видеосабақтарды түсіру, монтаждау үшін қаншама ұйқысыз түндер өтті. Әсіресе, мұғалімдердің харизмасы мен экран алдындағы мәдениетін қалыптастыру үшін үлкен жұмыс жасалды.
- Елдің әр өңірінде жүрген жоба командалары 18 рет кездесіп, брейнсторминг (миға шабуыл) ұйымдастырылды;
- Елу шақты мұғалімнің ішінен 18 мұғалім таңдап алынып, жеке-жеке жұмыс жүргізілді;
- 3 мектепте оффлайн тестілеу мен тексеру жасалды (мұғалімдер жоғары баға берді);
- 1700-ге жуық видеосабақ түсіріліп, 13 мыңнан аса тест, 7 мыңға жуық тапсырма құрастырылып бітті;
- Бірегей платформа дайындалып, d валютасын есептеудің жүйесі құрылды;
- Аймақтар бойынша 25 франшизаның 15-сі сатылды;
Жобаның басты индикаторлары орындалғанымен, әлі де жоспар көп. Әсіресе, онлайн-сабақтарды аймақтарда таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жасалып, сабақ тақырыптары мен пәндердің аясы кеңейтілмек. Жобаға жаңа мұғалімдер тартылып, тағы да видеосабақтар түсірілмек.
Осы орайда видеосабақтардың мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн.
Толық ақпарат пен сұрақтар бойынша байланыс: 8747-553-53-96