Саясат

Иран президенті Хасан Руханидің ағасы бес жылға сотталды

Президент жақтаушылары: Бұл шешім Руханиға қысым көрсетуге бағытталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран президенті Хасан Руханидың ағасы 1-ші қазан, сейсенбіде бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Иранның "Fars" мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

- Хуссейн Ферейдун бес жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оған басқа да айыптар тағылуы мүмкін, - деп жазды агенттік сот өкілі Голамхосейн Есмаилидың сөзін келтіріп.

Ферейдун Рухани мырзаның сенімді кеңесшісі екені белгілі, және ол 2015-ші жылы Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімге әкелген келіссөздерге қатысқан.

Ферейдунның соты алты айыпталушымен бірге өткен жылдың ақпан айында басталған еді. Сот билігі тағылған айыптар туралы мәлімет берген жоқ.

Ферейдун алғашында 2017-ші жылы ұзақ мерзімді сыбайлас жемқорлық айыптауларынан кейін қолға алынған болатын. Сот билігі сол кезде оның үстінен «бірнеше іс бойынша тергеу» жүргізілгенін айтты.

Оған тағы да экономикалық қылмыс жасады деп айып тағылды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі жыл бұрын Ферейдун қамауға алынғаннан кейін, ол бірнеше миллион доллар төлеп кепілдікпен босатылған.

Кейде Иранда Ферейдун Руханидің «көзі мен құлағы» ретінде сипатталып, кейбір консервативті шабуылдардың нысанасына айналды.

Иран президентінің жақтаушылары бұл шешім саяси мақсатқа негізделген және Роуханиға қысым көрсетуге бағытталған деп мәлімдеді.