Bugin
Әбіштің ескерткішінің ашылуына қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді. Мұны Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
- Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады, - деп жазды ол Фейсбукте.