Спорт

Жеребе тарту рәсімі қандай нәтиже көрсетті?

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесуіне жеребе тартылды

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күні кеше ғана, Швецарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесуінің жеребе тарту рәсімі болып өтті. Нәтижесі қандай, кезекті тартысты бәсекеде кім кіммен алаңға шығады, қай команда қандай ойын көрсете алады, алдағы ойындар бізді несімен таң қалдырып, қандай әсер сыйлайды екен? Биылғы 1/8 кездесуде қай команда миллиондаған жанкүйерлерін қуантып, қайсысы көз жас төктіреді екен? Және, букмекерлік кеңселер қандай қаржыға кенелер екен, қызық әрине!

Жеребе тарту нәтижесі төмендегідей:

 

«Шальке-04» — «Манчестер Сити»
«Атлетико» — «Ювентус»
«Манчестер Юнайтед» — «Пари Сен-Жермен»
«Тоттенхэм Хотспур» — «Боруссия» (Дортмунд)
«Лион» — «Барселона»
«Рома» — «Порту»
«Аякс» — «Реал»
«Ливерпуль» — «Бавария»

 

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесуінің алғашқы ойындары ақпан айының 12, 13,19 және 20 күндері өтуі жоспарланса, жауапты кездесулер наурыз айының 5,6,12 және 13 күндері өтеді. Ал, наурыз айының 15 жұлдызы топтан суырылып шыққан үздік 8 команда кезекті жеребе тарту рәсімі арқылы 1/4 финалдық кездесуде қарсыластары қай команда болатынына көз жеткізе алады екен.

Адал жеребе тарту нәтижесіне көз жүгіртетін болсақ, ойынның теңдей жартысында, ойыны үздік алып командалар мен ұсақ командалар бір-біріне қарама қарсы ойын көрсетеді. Ал, тең жартысы бәсекеге толы матч болғалы тұр, атап айтар болсақ «Атлетико» — «Ювентус», «Манчестер Юнайтед» — «Пари Сен-Жермен» және «Тоттенхэм Хотспур» — «Боруссия» (Дортмунд), «Ливерпуль» — «Бавария» сынды ойындар тартысқа толы болуы күтілуде. Дегенмен, топтық кезеңде үздік ойын көрсеткен командалардың біріМассимилиано Аллегри бапкерлік ететінТуриндік «Ювентус»командасы туралы айта кетсек, Криштиану Роналду келгелі топтан суырылып келе жатқан клуб, Италия «А» сериясының16-турында «Торино» қақпасына Туриндықтардың 5000-шы голын команда шабуылшысы Криштиану Роналду соққан болатын. Осылайша, «А» сериясында бағы жанып бірінші орында тұрған «Ювентус», сенсациялық жаңалыққа қарқ қылған командалар тізімінде де тұр. Чемпиондар лигасының соңғы тур кездесулерінде, Н тобында «Янг Бойз» – «Ювентус»2-1 есебімен есе жіберсе, ал G тобында Мадридтік «Реал» Мәскеулік «ЦСКА» командасына 3-0 есебімен есе берді. Жалпы, Туриндік Ювентус пен Мадридтік Атлетико командалары арасындағы ойынға қызығушылық күн санап артып жатыр. Пікір білдірушілер, «1/8 ойындарының ең тартысты ойыны» деп те, бағалап үлгеріпті. Ал, ең көп пікір таласқа ие болған келесі кездесу, бұл – Англиялық Ливерпуль мен Германиялық Бавария клубтары арасындағы ойын болса керек. Ең қызығы, «Барселона» мен «Реал Мадрид» сынды үздік клубтардың «Лион» мен «Аякс» клубтарымен кездесуі биылғы жылғы 1/8 ойындарында ешқандай қызғушылық оятып жатқан жоқ.

Не де болса, футбол – миллиондардың ойыны және болжауға келмейтін спорт, жасыл алаңда ала доп қалай домаласа, ойын солай өрбиді, ендеше тартысқа толы матчтарды жіберіп алмаңыздар. Естеріңізге сала кететін дүние, Чемпиондар лигасы – 2018/19 финалдық кездесуі маусым айының 1 жұлдызы Мадридтік «Атлетико» клубының «Метрополитано» алаңында өтуі белгілі болыпты. Ендеше, қызықты және тартысты, қарымта кездесулерді өткізіп алмастан, сүйікті клубтарыңызға жанкүйер болыңыздар.