Мен түсімде сурет салып жүремін

Сырлы бояу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мен түсімде сурет салып жатамын,

Сыр бояуға айналады қаламым.

Жанарыма тұнған шықты үзіп ап

Түсімдегі әппақ бетке саламын.


Майлы бояу, Ақ шатыр бет алдымда

Ал саусағым салды сурет тағы да.

Суретімді сипаттайтын сөз таппай

Отырамын әр бір атқан таңымда.


Мен өмірде жырдан қуат аламын,

Ал түсімде сурет салып жатамын.

Жеткізе алмай жатқан сөзді өмірде

Түсімдегі суретімнен табамын.