Саясат

Ислам Мемлекетінің қаза тапқан басшысының мұрагері тағайындалды

Абдулла Қардаш немесе Хаджи Абдулла әл-Афари

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) Абу Бакр әл-Бағдадидің өлімінен кейін жаңа басшыны сайлады. Бұл туралы Newsweek хабарлайды.

Дереккөздер бойынша, Абдулла Қардаш, сондай-ақ, Хаджи Абдулла әл-Афари есімімен танымал адам Ислам мемлекеті басшысының ізбасары болды.

Әл-Бағдади оны лаңкестердің «Мұсылман істері басқармасы» басшысы етіп тамыз айында тағайындағаны айтылады. Сонымен қатар, ол Иракта Саддам Хусейннің қол астында қызмет еткені белгілі.

Дереккөз «Ислам мемлекетінің» жойылған жетекшісі террористердің атаулы басшысы ғана болғандығын айтады. 

- Ол операцияларға да, күнделікті істерге де қатыспайтын. Бағдадидің бар жасағаны – жоспар құрмастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп қана отыратын, - деп сендірді ол.

27 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп елдің арнайы операциялық күштері әл-Бағдадиді жоюмен айналысқанын мәлімдеді. Операция нәтижесінде американдық жетекшінің айтуынша, бірде-бір американдық әскери жарақат алмаған, 11 бала босатылған. Арнайы операция кезінде әл-Бағдади, өзіне-өзі қол жұмсау мақсатында, бомбалы белдігін жарып жіберген.